Κατέβασμα παρουσίασης
Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε
ΔημοσίευσεДиана Донец Τροποποιήθηκε πριν 5 χρόνια
1
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері
2
Қышқылдар Қышқылдар суда ерігенде Н+ иондарын (дәлірек айтқанда оксоний Н30+) және теріс зарядталған қышқыл калдығы иондарын түзіп, диссоциацияланатынын білесіңдер.
3
Күкірт, тұз, азот кышқылдары, т. б. күшті электролиттер
Күкірт, тұз, азот кышқылдары, т.б. күшті электролиттер. Сулы ерітінділерінде иондарға толығынан диссоциацияланбайтын қышқылдар орташа немесе әлсіз электролиттер болады. Қышқыл ерітінділерінде лакмус пен метилоранж қызыл түске боялады. Себебі, кез келген қышқыл диссоциацияланғанда гидраттанған сутек катиондарын Н30+ түзеді. Олар лакмус пен метилоранждың түсін қызартып, қышқылдарға қышқыл дәм береді
4
Мысалы, тұз қышқылының диссоциациялану процесін былай бейнелеуге болады:
HCl + Н20 = Н30+ + Сl- HCl = Н+ + Сl-
5
Негіздер. Суда еритін негіздер диссоциацияланғанда гидроксид ОН анионына және металл катионына ыдырайды. Сілтілік металл гидроксидтері, барий және кальций гидроксидтері күшті электро- литтерге, ерімейтін негіздер және аммоний гидроксиді NH4OH әлсіз электролиттерге жатады.
6
Негіздерге тән ортақ қасиеттер олардың ерітінділерінде гидроксид ОН ионының болуымен түсіндіріледі: NaOH = Na+ + OH- Сондықтан негіздердің сулы ерітінділері индикаторлардың түсін өзгертеді. Мысалы, негіздердің ерітінділерінде фенолфталеин таңқурай түстес болып өзгереді. Енді электролиттік диссоциациялану теориясы түрғысынан тұздарды карастырайық. Орта тұздар дегеніміз — сулы ерітінділерінде металл катиондары мен қышқыл қалдықтары аниондарына диссоциацияланатын күрделі заттар. Оларға ортак касиет беретін иондар жоқ. Тұздардың сулы ерітінділері баска тұздар, қышкылдар, негіздер ерітінділерімен ион алмасу реакцияларына түседі.
7
Электролиттік диссоциация теориясы
H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар.
8
Электролиттік диссоциация теориясы - өткен тақырыптар бойынша қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.
9
Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бейэлектролиттпер (қант, глюкоза, спирт жөне кейбір жай газдардың (Н2,02, N2) судағы ерітінділері жатады).
10
Зат Электр шамының жануы Қорытынды Құрғақ қант - бейэлектролит Құрғақ ас тұзы Дистилденген су NaCl ерітіндісі + электролит Қант ерітіндісі Сірке кышқылының ерітіндісі әлсіз NaOH ерітіндісі H2S04 ерітіндісі
11
Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С
Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған (Нобель сыйлығының лауреаты, жылы) Ол еруді тек физикалық құбылыс деп карастырды, диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай көзқарасты калыптастырып дамытқан әрі С. Аррениус теориясын толықтырған ғалымдар - И. А. Каблуков, В.А. Кистяковский, Д.И. Менделеев. Ал қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физика-химиялық үдеріс деп қарастырады. Сванте Аррениус
12
Аррениус теориясының негізгі қағидалары:
Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды. Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады. Ағылшын физигі М. Фарадей XIX ғасырдың 30-шы жылдары «электролит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді. Ионды және ковалентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды: 1. NaCl↔ Na++ Cl-; 2. HCl ↔ Н++ CI-; 3. H2S04 ↔ 2Н+ + S042-
13
Na элементі мен ионын салыстырайық:
2311Na1s22s22p63s1 Na+ ls22s22p63s0 Оң зарядты ионның (катионның) радиусы атомның радиусынан кіші. Күмістей жылтыр ақ металл. Ион - түссіз. Сумен шабытты өрекеттеседі:2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2↑ Суға әсер етпейді, тек гидраттанады. Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықсыздандырғыш:Na°-ē→Na+ Ион — тотықтырғыш: Na+ + е→Na0
14
Сl элементі мен ионын салыстырайық:
3517Сl1s22s22p63s23p5 Сl-1s22s22p63s23p6 Теріс зарядты ионның радиусы атомның радиусынан үлкен. Хлор молекуласы жай зат күйінде екі атомнан тұрады С12, ол өткір иісті, тыныс жолдарын түршіктіретін жасыл-сары улы газ. Ион - түссіз. Суда аздап еріп, әрекеттеседі:Сl2 + Н20 = НСl + HCl Суға әсер етпейді, тек гидраттанады. Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықтырғыш: Сl2 + 2ē→2С1- Ион - тотықсыздандырғыш. 2С1--2e→Сl2
15
Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:
Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды. Диссоциацияның себебі - заттардың гидратациялануы. Электр шамы жанады. Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады. Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау)↔ ассоциация (бірігу) Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α). Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады. Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.
16
Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл - жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тогын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды
17
Орындаған : аманбаева аида мирболатовна 01110
Орындаған : аманбаева аида мирболатовна
Παρόμοιες παρουσιάσεις
© 2024 SlidePlayer.gr Inc.
All rights reserved.