Κατέβασμα παρουσίασης
Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε
ΔημοσίευσεПолина Засекина Τροποποιήθηκε πριν 5 χρόνια
1
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» Физика пәнінің оқытушысы А.К. Жумагельдинова
ЖАРКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАРКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ «ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» Физика пәнінің оқытушысы А.К. Жумагельдинова
2
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ»
3
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА
4
АНЫҚТАМА Жарық толқындары – көзге әсер ететін электромагниттік толқындар (электромагниттік толқындардың көрінетін спектрі) Жарық толқындары жарық көзінен таралады. Жарық көздері Табиғи жарық көздері Жасанды жарық көздері Күн, жұлдыздар электр шамдары, фонарлар, ... Жарық толқындарының көзі қыздырылған денелер, газдардағы электр разрядтары және т.б. болуы мүмкін. Нүктелік жарық көзі: Жарықты барлық бағыттарды біркелкі шығаратын; Мөлшерлері бақылаушы орналасқан қашықтықпен салыстырғанда көп кіші болатын жарық көзін айтамыз. Жарық сәулесі – жарықтың таралу бағыты болып табылады. Біртекті ортада жарық түзусызықты таралады. Жарық көздері – жарық шығаратын денелер. Ғаламдағы негізгі жарық көздері-жұлдыздар. Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн - өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі.
5
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА 2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ «ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» бейне ролик
6
ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ Жарық табиғатына деген адамдардың көзқарасы ерте заманнан ақ қалыптаса бастаған. Осыдан екi жарым мың жыл бұрын Пифагор «әрбiр зат өзiнен аса ұсақ бөлшектер шығарады, ол бөлшектер адам көзiне жетiп, адам заттарды көредi» деп түсiндiрген. Көптеген ғасырлар бойы үстемдiк құрған осы пiкiрдi И.Ньютон одан әрi дамытты. Ол жарық бөлшектерiн корпускулалар деп атап, бұл бөлшектер инерция заңын қанағаттандырады деп есептедi. Бұлай деу тәжiрибеден байқалатын жарықтың түзу сызық бойымен таралу, шағылу заңдарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн. Одан әрi жарық жөнiнде жаңа тәжiрибелiк деректердiң жинақталу барысында интерференция және дифракция тәрiздi құбылыстар ашылды. Бұл құбылыстарды жарықтың корпускулалық қасиетi арқылы түсiндiру мүмкiн емес едi. Осымен байланысты ХIХ ғасырдың басында Х.Гюйгенс, Ю.Юнг және О.Френель тәрiздi ғалымдардың еңбектерiнде жарықтың толқындық теориясы ұсынылып, қалыптасты. Жарық жөнiндегi көптеген көкейтестi мәселелердiң шешiмi тек Максвелл ойлап тапқан электромагниттiк өрiстiң теориясынан кейiн ғана табылды. Бұл теориядан жарық дегенiмiз толқын ұзындығы белгiлi бiр аралықта жатқан электромагниттiк толқындар екендiгi шығатын.
7
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА 2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ
8
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА 2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ «ЖАРЫҚ ЖЫЛДАМДЫҒЫ» бейне ролик
9
ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ Жарық жылдамдығы, с — кез келген электрмагниттік толқынның (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физика тұрақтылардың бірі. Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 1676 жылы, Юпитер серіктерінің тұтылулары арасындағы уақыт аралығының өзгеруі бойынша дат астрономы О. К. Ремер өлшеді (бақылау нәтижесінде с= км/с болды). Оны 1728 жылы жұлдыздардың жарық аберрациясын бақылау кезінде ағылшын астрономы Дж. Брадлей растады. Кейін Жарық жылдамдығы жер жағдайында да тәжірибе жасалып өлшене бастады (мыс., француз физигі А. И. Л. Физо 1849 жылы с = км/с, француз физигі Ж. Б. Л. Фуко, американ физигіА. Майкельсон с= км/с екендігін анықтады). Қазіргі кезде Жарық дәлдігі жоғары көтерілді: с= м/с мәні жылдамдығының вакуумдағы мәні үшін ресми түрде с= м/с қабылданған. Жарық сәулесі вакуумда км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.
10
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА 2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
11
«ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ, СЫНУ ЗАҢДАРЫ»
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА 2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖАРЫҚТЫҢ ЗАҢДАРЫ «ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ, СЫНУ ЗАҢДАРЫ» бейне ролик
12
Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Шағылу заңдары: - түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. - шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады. α = β Жарықтың сыну және шағылу заңдары жарық жұтылмайтын біртекті орта үшін дұрыс. Егер жарық сәулелері оптикалық неғұрлым тығыз ортадан оптикалық тығыздығы аздау ортаның шекарасына, мысалы, шыныдан суға түссе, онда жарық екінші ортаға өтпейді. Бұл құбылыс толық шағылу деп аталады.
13
ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУ ЗАҢДАРЫ Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз. Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш ( ) сыну бұрышы деп аталады. . Жарық ауадан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар түсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз. Бұдан қандай тұжырым айтуға болады? Жауап: Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады. бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды. Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В. Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы n – сыну көрсеткіші деп аталады.
14
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА 2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖАРЫҚТЫҢ ЗАҢДАРЫ
15
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА
2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАРЫҚТЫҢ ЗАҢДАРЫ
16
ЖАРЫҚТЫҢ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ Ақ жарық шыны призмадан өткен кезде бiрнеше түске жiктелетiнiн алғаш рет И.Ньютон бақылап, зерттеген болатын. Мұндай монохроматты ( бiр түстi, мысалы, қызыл, көк, күлгiн т.с.с. ) жарық одан әрi басқа түстерге жiктелмейдi. Ал ендi осылай ақ жарықтың монохроматты жарықтарға жiктелуiнiң себебi неде ? Ол мынада. Жарық дегенiмiз – электромагниттiк толқындар. Әртүрлi түстегi жарықтар бiр-бiрiнен толқын ұзындығының, немесе онымен байланысты жиiлiгiнiң әртүрлi болуымен өзгешеленедi. Ал жарықтың шыны призмадан өткенде әртүрлi түске жiктелуiнiң себебi қандай да бiр ортадағы жарық жылдамдығының ( немесе онымен байланысқан сыну көрсеткiшiнiң ) жарық жиiлiгiнен тәуелдiлiгiмен байланысты. Сыну көрсеткiшiнiң жарық жиiлiгiнен осындай тәуелдiлiгiн дисперсия құбылысы деп атайды
17
Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту қабiлетiн айтады. Дифракция құбылысы жарықтың толқындық қасиетiнiң айқын дәлелi болып табылады. Когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу жарық интерференциясы деп аталады.
18
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА
2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАРЫҚТЫҢ ЗАҢДАРЫ
19
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА
2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАРЫҚТЫҢ ЗАҢДАРЫ 3. ЕСЕП ШЫҒАРУ
20
ЕСЕП ШЫҒАРУ
21
2-мысал 3-мысал Егер объектіден шағылған радиосигнал
200 мкс-тан кейін қайта қайтатын болса, объект радиолокатордың антенасынан қандай қашықтықта болғаны? Жарық сәулесі бірінші ортадан екінші ортаға өткенде, түсу бұрышы ,ал сыну бұрышы болса, Екінші ортаның бірінші ортаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіші неге тең?
22
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА
2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАРЫҚТЫҢ ЗАҢДАРЫ 3. ЕСЕП ШЫҒАРУ 4. ТҮЙІНДЕМЕ
23
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ» 1. АНЫҚТАМА
2. ТАНУ 2.1. ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ 2.2. ТОПТАУ ЖАРЫҚТЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАРЫҚТЫҢ ЗАҢДАРЫ 3. ЕСЕП ШЫҒАРУ 4. ТҮЙІНДЕМЕ 5.1. ТЕСТ 5. НӘТИЖЕ 5.2. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
24
«ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ. ЖАРЫҚ ЖЫЛДАМДЫҒЫ»
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА «ЖАРЫҚ ТАБИҒАТЫ. ЖАРЫҚ ЖЫЛДАМДЫҒЫ» № 356, 357 ЕСЕП ЖАРЫҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАУ (ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ, ИНТЕРНЕТ БЕТТЕРІНЕН) Г Л О С С А Р И Й ҚАЗАҚША ОРЫСША АҒЫЛШЫНША ЖАРЫҚ СВЕТ LIGHT ТҮС ЦВЕТ COLOR ....
Παρόμοιες παρουσιάσεις
© 2024 SlidePlayer.gr Inc.
All rights reserved.