Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε

Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε

Физика сабағы Архимед күші 7 сынып.

Παρόμοιες παρουσιάσεις


Παρουσίαση με θέμα: "Физика сабағы Архимед күші 7 сынып."— Μεταγράφημα παρουσίασης:

1 Физика сабағы Архимед күші 7 сынып

2 Психологиялық ахуал туғызу Көңіл күйлеріңіз қалай?
Психологиялық ахуал туғызу Физика сабағы Көңіл күйлеріңіз қалай? Оқушылар қима қағаздар арқылы топтарын анықтайды және өз орындарына барып жайғасады. №1 топ “Архимед ұландары” № 2 топ “Планк ұландары”

3 Өткен тақырыпты қайталау.
Физикалық диктант 1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы . 2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын машиналар 3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ соқтығысуынан пайда болады. 4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы , ал көлемін ұлғайтса, қысымы 5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге түседі. 6.Атмосфера қабаттары: қысымды өлшеуге арналған құрал деп аталады. қысым айырымын өлшеуге арналаған аспап. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне жатады. 10.Қалыпты атмосфералық қысым тең.

4 “Сен маған, мен саған” алмасып дұрыс жауабын
“Сен маған, мен саған” алмасып дұрыс жауабын тексереміз 1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы Блез Паскаль 2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын машиналар гидравликалық машиналар. 3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады. 4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы артады , ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді . 5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі. 6.Атмосфера қабаттары: тропосфера,стратосфера,мезосфера,термосфера. 7. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады. 8. Манометр қысым айырымын өлшеуге арналаған аспап. Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады. 10.Қалыпты атмосфералық қысым мм сынап бағанына тең.

5 “Ой қозғау” (мақалдың жалғасын табу арқылы жаңа сабақ
“Ой қозғау” (мақалдың жалғасын табу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу) А р х и м е д к ү ш і Мақалдың жалғасын табу... 1.Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады; 2. Көптің күші - бірлікте; 3. Көз қорқақ - қол батыр; 4. Күшіңе сенбе, ісіңе сен; 5.Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады Архимед ( Б.з.б ж ж) Физика сабағы

6 Сабақтың мақсаты : Физика сабағы Білімділік Тәрбиелік Дамытушылық
Физика сабағы Сабақтың мақсаты : Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық-қа, өздігінен білім алуға тәрбиелеу. Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға байланысты екендігін білуге баулу. Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге кері итеруші қысым күші туралы білімдерін, оқушылар-дың өзіндік сыни ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушы-лығын дамыту.

7 Архимед (б.з.б ) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы - Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын, қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын” деп айтқан екен ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылды.

8 Архимед туралы аңыз Аңыз бойынша, бұл заңның ашылуына себепкер болған Сиракуз патшасы Гиерон болған екен. Ол Архимедке зергер жасаған өзінің тәжінің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырады.Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді.Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді.Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.Сірә,жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.

9 “Ой қорыту” (жаңа сабақтың түйінді мәселелеріне
“Ой қорыту” (жаңа сабақтың түйінді мәселелеріне тоқталу) Сондықтан сұйықтың ішіндегі қандай да бір денеге әсер ететін Архимед күшін анықтау үшін, бұл денені ауада және сұйықта өлшеп, алынған мәндерінің өзгерісін анықтаймыз. Міне осы Архимед (кері итеруші) күші болып табылады. F = p - p A ауа сұйық Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады. Бұл заңды Архимед ашқан, сондықтан оның есімімен — Архимед заңы деп аталады.

10 Денеге әсер ететін Архимед күші FА төмен қарай әсер ететін салмақ күші mс g-мен теңеседі.
(1) формуласын басқа түрде жазуға болады. Сұйықтың массасы m с оның тығыздығы ρ с мен Vс көлемінің көбейтіндісіне тең екенін ескеріп  FА = ρcVcg. (2) Vc-Бұл көлем дененің сұйыққа батып тұрған бөлігінің көлеміне тең болады. Vc= V Тыныштық күйдегі сұйыққа (немесе газға) батырылған кез-келген денеге сұйық (немесе газ) тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, оның шамасы сұйықтың немесе газ тығыздығын еркін түсу үдеуімен, сұйыққа (немесе газға) батып тұрған дене бөлігінің көлемінің көбейтіндісіне тең болады.

11 F = p *g*V Архимед күші Тәуелді емес Тәуелді Дененің көлемі
Архимед күші Тәуелді емес Тәуелді Дененің көлемі Дененің формасы Дененің тығыздығы Сұйықтың тығыздығына F = p *g*V дененің А сұйық

12

13

14

15

16 Постер қорғау 1 топ “Архимед ұландары” 1-2 бөлімдер 3-4 бөлімдер
Постер қорғау 1 топ “Архимед ұландары” 1-2 бөлімдер 2 топ “Планк ұландары” 3-4 бөлімдер

17 Бағалау критерийлері:
1.Эстетикалық талғамға сай 2.Тақырыпқа сай түстерді дұрыс бейнеленуі; 3.Тақырыпты дұрыс қорғауы; пайдалануы; 4.Бейнеленген суретті берілген тақырыпқа сай үйлестіре салуы; 5. Әділ бағалауы.

18 Есептер шығарайық

19 Физика сабағы Кім жүйрік? Білгеннің үстіне біле берейік!
Физика сабағы Кім жүйрік? Білгеннің үстіне біле берейік! Есептер шығарып үйренейік! 1-есеп Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3. Берілгені ХБЖ формуласы шешуі V=100см3 ρ=1000кг/м3. =1*10-4м3 FА = ρcVcg. ҒА=1000*10-4*10=1H т/к FА -? Жауабы: ҒА=1H 2- есеп Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3. Берілгені ХБЖ формуласы шешуі m=500г ρ(т)=7900кг/м3. ρ(к)=820кг/м3. =0,5 кг FА = ρ(к)Vcg. V=m/p V=0.5/7900=6,3*10-5м3 ҒА=820*6,3*10-5*10=0,51H т/к FА -? Жауабы: ҒА=0,51H

20 Физика сабағы Герон патшаның алтын тәжісінің ауадағы салмағы 20Н.Судағы салмағы 18,75Н.Алтынның тығыздығы кг/м, күмістікі 10000кг/м деп алып ,тәждің құрамында алтын мен күмістің қанша болғанын анықтайық. Берілгені:                                     Өрнегі: Pа = 20 Н                           FA = Pа- Pсу  Pк = 18,75 Н                       FA = pc g Vд ; Vд =0, м3 pа = кг/м3  gpсу 10*1000 pк = кг/м3 т/ к: mа — ? mк  ?             Шығарылуы:                                                                          mа = pаV =20000 * 0, =2,5 кг mк = pкV =10000*0, =1,25 кг FA 1,25

21 Эстафеталық білім картасы
Картаны толтыруға 7 минут беріліп, жиналады да, әр дұрыс жауапқа 1 балдан есептеледі.  Физикалық шамалар Математикалық өрнегі Өлшем бірлігі Өлшейтін құрал 1 Жылдамдық ν=l/t м/с Спидометр 2 Уақыт t=s/ν с Сағат, секундомер 3 Масса m=ρV кг Таразы 4 Көлем V=m/ρ м3 Мензурка, сызғыш 5 Ауырлық күші Fa=mg Н Динамометр 6 Салмақ P=mg 7 Қысым P=F/S Па Барометр

22 Жаңа сабақты бекіту сұрақтары ...
Физика сабағы Жаңа сабақты бекіту сұрақтары ... Сұйыққа (газға) батырылған денелерге АРХИМЕД КҮШІ әсер етеді. Архимед күші ЖОҒАРЫ бағытталған. Архимед күші дененің ауадағы және сұйықтағы САЛМАҚТАРЫНЫҢ айырмасына тең. Архимед күші дененің ығыстырып шығарған СҰЙЫҚТЫҢ салмағына тең. Архимед заңы мына түрде жазылады: FА= ρc*g*Vд Архимед заңы арқылы суда кемелер ЖҮЗЕДІ.

23 Сапалық есептер: 1  Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек? Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады. 2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады? Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек . 3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады? Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады. 4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге? Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

24 Бағалау

25 Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Архимед күші тақырыбын, Ұмытпай есте сақтайық. Ф 55 29 жаттығу №6-9


Κατέβασμα ppt "Физика сабағы Архимед күші 7 сынып."

Παρόμοιες παρουσιάσεις


Διαφημίσεις Google