Математика тарихына саяхат. Математика тарихына саяхат. Орындаған 9а сынып оқушысы Касимова Дамира
Математика дегеніміз не? Математика – тарихы ұзақ ғылым. Математика деген атау гректің «mathematike»деген сөзінен туындаған, оның мағынасы бізше «Білім,ғылым» деген.Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту: есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады. Математика-жаратылыстық ғылымдардың құралы.Кез келген жаратылыстық ғылым, мысалы физика, химия,астрономия тағы сол сияқты ғылымдардың қалыптасуы мен дамуы түгелдей математикамен тығыз байланыста болады. Математиканың идеясы,әдісі,тәсілі,ойлау формасы (пайымдау тәсілі) басқа жаратылыстық ғылымдарды зерттеудің негізі.
Математика-ұзақ тарихқа ие ғылым, оның тарихы қоғамның даму тарихымен тығыз байланысты болып, ол төрт кезеңге бөлінеді. 1.Бірінші кезең, математикалық білімдердің пайда болуы, қорлануы,жинақталуы дамуы.Бұл дәуір өте ерте ғасырда басталып, біздің дәуірге дейінгі VI-VII ғасырына дейін созылған. 2.Екінші кезең, математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туылу, қалыптасу кезеңі. Осы дәуірде арифметика, алгебра, геометрия, тригонометриялар айрым теориялық пән болып қалыптасқан. Бұл кезең ХVII ғасырда аяқталған. 3.Үшінші кезең, айнымалы шамалар математикасы яғни жоғары математиканың ( математикалық анализ, аналитикалық геометрия т.с.с) туылу, қалыптасу кезеңі. Бұл дәуір ХІХ ғасырдың соңғы жартысына дейін жасалған. 4.Төртінші кезең, осы заманғы математика дәуірі, яғни , «жиын теориясының» жарыққа шыққан кезеңі. Бұл кезең 19 ғасырдың орта тұсынан басталған. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап математика және математикалық логика ғылымының көмегінде компьютер жасалды. Бұл математикадағы ең зор өзгеріс болып, математиканы бір түрлі техникаға, яғни математикалық техникаға айналдырды.
Математиканың тарихы. Көне Мысыр әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі. Ніл өзенінің екі жағалауына орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші ж.ж біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған. Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райнд тауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғы суреттегідей) деп аталады, ол папирус б.з.б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Мәскеуде сақтаулы. «Мәскеу папирусы» деп аталады.
Көне Мысырдың ертедегі әріптері сурет пішіндес әріптер болған, соңынан ретке келтіріліп демотикалық жазу пайда болған. Осы екі кітаптан басқа да кітаптар теріге, тастарға ойылып жазылған, олар қазір дүниенің түкпір-түкпірінде сақтаулы. Екі кітаптың жазылған уақыттары шамамен б.з.б. 1850-1650 жж. сәйкес келеді.
Математика- ойды жетілдіретін ғылым. Математика адамдарға ой салу арқылы толғандырады,адамдардың ойын жетілдіреді. Математика адамдарды ойшыл,салмақты болуға,ақыл парасаттылыққа жетелейді. Математиканың бір бұтағы болған математикалық логика арнаулы ой қорыту формасын зерттейді. Арифметика,алгебра,геометрия,дифференциял, интеграл, ықтималдық, статистика сияқты ғылымдардағы негіздік білімдердің барлығы адамның ойын жетілдіретін және дамытатын терең материалдар. Математика ойды дамытатын ғылым болғандықтан,басқа жаратылыстық ғылымдардың негізі болып қалмастан, оларды зерттеуде, дамытуда өшпес үлес қосады.
«Математика ойдың гимнастикасы»деп айтатындары да осыдан болса керек «Математика ойдың гимнастикасы»деп айтатындары да осыдан болса керек.Бұның өзі математиканың адамдардың ойлау қабілетін жетілдіруде және дамытуда айрықша ролі барлығын түсіндіреді. Ендеше математика ойды зерттейтін, адамның ойын жетілдіретін және дамытатын ғылым екендігі анық.Математиканың бір бұтағы болған математикалық логика арнаулы ой қорыту формасын зерттейді. Тәжірибеден өткізу, сынақ ету, жинақтау,тұспалдау сияқты үйлесімді ой қорыту математикада үнеміқолданылатын тәжірибелік сипатты ой қорыту әдісі болып табылады. Сондықтан математиканы тәжірибелік ғылым дейміз. Математика жалқылай тұжырымдау барысы мен оның нәтижесінің органикалық бірігуі жалқылай тұжырымдап дәлелдеу болмайды екен, онда математика да болмайды. Сондықтан математиканы жалқылай тұжырымдау ғылым дейміз. Математика-жаратылыстық ғылым мен ойлау ғылымның, жалқылай тұжырымдау ғылым мен тәжірибелік ғылымның бірігуі.
Алгебра. Алгебра (арабша әл-жәбр)-Математиканың теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Әбу Абдаллаһ әл-Хорезмидің 1-ші, 2-ші дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген «Әл-жәбр уә-л-Мұқабала» атты еңбегінен бастау алады. Ал, Омар Хайям1038/48-1123/24)— 3-ші дәрежелі теңдеулерді зерттеуді жүйелеп, өзінің «Алгебрасын» жазған.
Ұлы математиктер. Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес.Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттері Аристотель, Әбунасыр Фараби, Ахмес,Пифагор, Евклид, Архимед, Эратосфен, Әл-Хорезми, Фибаначчи, Галилей.
Әбу Насыр Әл-Фараби. Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 — 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Арифметиканың негізгі ұғымы сан. Фарабидің түсіндірілуі бойынша, сан объективті ақиқат нәрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептелуге тиісті қырларын бейнелейді.
Архимед. Архимед (көне грекше: Αρχιμήδης, б.з.б. 287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы – Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және интегралдық есептеу ашылғанда (17 ғасыр) дұрыс бағаланған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды.
Назарларынызға рахмет.