Клетка коферменттері
Жоспар I.Кіріспе: Коферменттер туралы жалпы түсінік II.Негізгі бөлім: Коферменттер туралы жалпы түсінік II.Негізгі бөлім: б)Коферменттердің түрлері в)Коферменттердің химиялық құрылымы мен қызметі с) Дәрумендер. Олардың маңызы. III.Қорытынды
Кіріспе Коферменттер-құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар. Көптеген ферменттер витаминге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады.Коферменттерге активтік тобы бар витаминдер тиаминпирофосфат (в1 витаминнің туындысы ),никотинамидті коферменттер (РР витамині бар) жатады.
I.Витаминдық коферменттер: II. Витаминдік емес коферменттер: Коферменттер I.Витаминдық коферменттер: 1.Никотинамиднуклеотидтік (НАД,НАДФ) 2.Флавиндік(ФАД,ФМН) 3.Тиаминдық(ТМФ,ТДФ,ТТФ) 4.Кобамидтық (метилкобаламин, дезоксикобаламин) 5.Пиродиксиндік(ПАЛФ,ПАМФ) 6.Фолаттық(ТГФК) 7.Хинондық(убихинон,пластохинон) II. Витаминдік емес коферменттер: 1.Нуклеотидтер(УДФ-глюкоза,көмірсутектердің, спирттердің нуклеотидтық туындылары ж/е т.б) 2.Моносахаридтердің фосфаттары(глюкоза-1,6-дифосфат,2,3-дифосфоглицерат) 3.Металлпорфириндер(гемдер,хлорофилдер) 4.Пептидтер(глутатитон)
Витаминдік коферменттер 1.Никотинамиднуклеотидті коферменттер НАД+ және НАДФ+ (НАД+ никотинамидадениндинуклеотид, НАДФ+ никотинамидадениндинуклеотидфосфат).Бұл коферменттердің активті бөлігі никотинамид (РР витамині) болып табылады. 2.ФАД және ФМН флавиндік коферменттер.Бұлардың пайда болу көзі-рибофлавин. ФАД және ФМН коферменттері әртүрлі апоферменттермен баиланысады да, флавопротидті ферменттер-флавиндік дегидро геназа түзеді.Қазіргі кезде флавопротеидтердің саны 80 шамасына жетеді
3.Тиаминдық коферменттер 4.Кобамидтік коферменттер. 3.Тиаминдық коферменттер (ТПФ,ТДФ,ТТФ) H3C олар апоферменттпен мықты баиланысқан болады және простетикалық топ деп саналады. ТПФ молекуласындағы активті бөлік-тазол сақинасының – CH тобы сол топтың көмегімен ол субстаратпен байланысады. ТПФ апоферментпен байланысып,декорбаксилаза түзеді.ТПФ – коферменті в1 витаминінің туындысы, оның тиазол сақинасында күкірт бар. Ол апоферментпен мықты баиланысқан. 4.Кобамидтік коферменттер. Бұлардың пайда болу көзі-витамин В Цианкобаламиннің орталық бөлігінің (1) және оның екі туындысы-коб- амидтік коферменттердің: метилкобаламин(2) мен 5’-дезоксиаденозилкобаламиннің (3) құрылыс нобайы. R’-5’-дезоксиаденозил; R-5,6-диаметилбензилимидазолилриботид
5.Пиридоксиндік кофер-менттер. 5.Пиридоксиндік кофер-менттер. Бұл коферменттердің негізі В6 витамині,коферменттің құрамында бір-біріне ұқсас үш қосылыс: пиридоксин,пиридоксаль және пиридоксиамин кіреді. В6 витаминнің негізгі активті туындысы пиридоксаль-5-фосфат болып саналады. 6.Липой қышқылы коферменті құрамында дисульфидтік топ бар,ол топ тотығып екі сульфгидрилдік топ (-SH) құрайды да,дигидролипой қышқылына айналады. Липой қышқылы өзінің карбоксил тобы арқылы лизиннің ε-амин тобымен апоферментпен пептидтік байланыс жасайды және декарбоксилаза ферменті түзіледі.
Коферменттер және олардың құрамына кіретін витаминдер Атқаратын қызметі Витамин Пиридоксальфосфат Переаминдеу Декарбоксилдеу Пиридоксин (В6) Тиаминпирофосфат Аэробты декарбоксилдену Альдегид тобын тасымалдау Тиамин (В1) А-коферменті (КоА) Ацил тобын тасымалдау Май қышқылдарын синтездеу Пантотен қышқылы Тетрагидрофоль қышқылы Бір көміртегі бар қалдықтарды тасымалдау Фоль қышқылы Биотин CO2 тобын тасымалдау Биотин (Н) НАД тасымалдау Никотин қышқылы Ниацин (PP), (B5) НАДФ ФМН Рибофлавин (B2) ФАД
В1 дәрумені – тиамин Антиневриттік дәрумен. 1912 жылы Функ алғаш рет кристалл түрінде бөліп алып,В1 дәруменінің құрамында аминотоптан басқа күкірт атомы болғандықтан, тиамин депаталады. В1 авитаминозының алғашқы белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады. Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т.б. жануарлар да ауырады.
В2 дәрумені –рибофлавин. Өсу дәрумені 1953 жылы Кун бөліп алған. В2 авитаминозының белгілері Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу процесін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын төмендетеді. В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұлшық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойының өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопеция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит). Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пайда болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тілдің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы). В2 гипервитаминоз белгілері Бойдың өспей қалуы, бойдың буылтып қалуы, терінің өзрегуі, ангулярлық стоматит.
В3 витамині (пантотен қышқылы, антидерматиттік) Бұл витамин 1933 жылы белгілі болды, кристалды түрде тек 1939 жылы алынады, 1940 жылы химиялық құрылымы анықталып жасанды түрде синтезделеді. Пантотен қышқылы барлық жан-жануар, өсімдіктер клеткалары мен микробтар құрамында кездеседі. Пантотен қышқылы жұмыртқа сарысында, бауырда, өсімдіктердің жасыл желектерінде, ашытқыларда, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде, пішен ұнында өте көп болады және аз мөлшерде түрлі тағамдарда кездеседі, сондай-ақ, организмде ішек микрофлорасы синтездейтіндіктен авитаминозы сирек кездеседі.
Биомедициналық қызметі Биомедициналық қызметі Пантотен қышқылы организм үшін өте қажет күрделі органикалық зат коэнзим – А-ның (HSKоA) құрамына енеді: Коэнзим – А организмдегі негізгі зат алмасу процестеріне қатысады: май қышқылдарының катаболизмі мен анаболизміне, көмірсулар мен майлардың бір-біріне алмасуына өте қажет зат. Егер коэнзим – А организмде жектіліксіз түзілсе, онда зат алмасу процесі бұзылады.
В3 авитаминозының белгілері Пантотен қышқылы авитаминозында адамдар мен жануарлар әр түрлі ауруларға шалдығады: денедегі түктер мен шаш түсіп, түсі өзгереді, терісі зақымданып, ішкі органдардың кілегей қабаты қабынады, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері зардап шегеді.В3 витаминінің организмде жетіспеуінің ең алғаш белгілері мынадай: адамдардың аяғының саусақтары жансызданып, шанши бастайды, кейінірек саусақтары мен табаны өте қатты ауырып, ол тізеге дейін көтеріледі
Сұрақтар 1. Коферменттер дегеніміз не? 2.Коферменттер классификациясы. 3.Тиаминдік коферменттерге нелер жатады? 4.Кобамидтік коферменттер туралы айтыңыз 5.Коферменттер құрамына кіретін витаминдерге тоқталыңыз 6. В1 дәруменінің авитаминозы кезінде болатын аурулар? 7. В2 дәруменінің авитаминозы кезінде болатын аурулар? 8. В3 дәруменінің биомедициналық қызметі?
Пайдаланылған әдебиеттер Ғаламтор желісі
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!