Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε

Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε

“Жарық шамдары және өлшем бірліктері” тақырыбы бойынша өндірістік оқыту сабақ дайындамасы дайындаған: өндірістік оқуыту шебері Қодасов Б.Ш.

Παρόμοιες παρουσιάσεις


Παρουσίαση με θέμα: "“Жарық шамдары және өлшем бірліктері” тақырыбы бойынша өндірістік оқыту сабақ дайындамасы дайындаған: өндірістік оқуыту шебері Қодасов Б.Ш."— Μεταγράφημα παρουσίασης:

1 “Жарық шамдары және өлшем бірліктері” тақырыбы бойынша өндірістік оқыту сабақ дайындамасы
дайындаған: өндірістік оқуыту шебері Қодасов Б.Ш

2 Жарық шамдары Жарық күші - денелік бұрыш ішіне келетін жарық ағыны Өлшем бірлігі – кандела (кд) (сила света) Жарық ағыны – уақыт бірлігі ішінде кеңістікке тарайтын жарық энергиясы. Ф - әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі – Люмен (лм). Жарықталыну – белгілі бір ауданға келетін жарық ағыны. Е - әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі – Люкс (лк) Жарықтылық – барлық көлемдегі жарық күш. £ (кд/м²) (яркость) Жарқырау – жарық шығарушы бірлік ауданынан шығатын ағын. М (лн/м²) (светимость)

3 Электрқондырғылар. Электрқондырғылар-
Өндіріске арналған , трансформацияға, беріліс, электр энергиясын тарату және оны энергияның бір түрінен екінші түріне түрлендіру машиналарының, аппараттардың, электр беріліс желілерінің және қосымша құрылғылардың жиынтығы электрқондырғылар деп аталады. Электр қондырғылар электр қауіпсіздігіне байланысты: 1000 В (1 кВ) дейінгі. 1000В- тан жоғары болып бөлінеді.

4 Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

5 Электрқондырғылар Ашық(сыртқы)-Ғимараттарда атмосфералық әсерден қорғалмаған электрқондырғылар ашық электр қондырғылар деп аталады. Жабық(ішкі)-Ғимараттар ішіне біріктірілген және атмосфералық әсерден қорғалған электрқондырғылар жабық деп аталады.

6 Квалификациялы қызмет көрсетушіге ғана рұқсат етілген, электр қондырғылар орналасқан бөлігі сеткалармен бөлінген ғимараттардың бөлігі немесе ғимараттар электр ғимараттары деп аталады. Ғимараттар болады: Құрғақ Ылғалды Дымқыл Дымқылдығы жоғары ғимарат Шаңды Химиялық активті немесе органикалық орталы ғимарат Ыстық ғимараттар

7 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60% - тен аспайтын ғимарат құрғақ деп аталады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%, бірақ 75% - тен аспайтын, бу немесе конденсацияланған дымқыл аз уақыт ішінде аз мөлшерде бөлінетін ғимарат ылғалды деп аталады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% - тен асатын ғимарат дымқыл деп аталады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке жақын ғимарат дымқылдығы жоғары деп аталады. Өндіріс шартына байланысты технологиялық шаңның бөліну мөлшері жоғары, тіпті оның проводтарға, машиналар мен аппараттардың ішіне қонуы мүмкін ғимараттар шаңды деп аталады. Шаңды ғимараттар 2 түрге бөлінеді: 1. Токөткізгіш шаңды ғимараттар. 2. Ток өткізбейтін шаңды ғимараттар. 6. Электр қондырғылардың ток жүретін бөліктеріне, изоляциясына зақым келтіретін үнемі немесе белгілі бір уақыт ішінде агрессивті булар, газдар, сұйықтар кездесетін ғимараттар органикалық орталы немесе химиялық активті ғимараттар деп аталады. 7. Әр түрлі жылулық сәулеленудің әсерінен температурасы немесе +35°C жоғары ғимарат ыстық деп аталады. (мысалы, кептіру құрылғылары орналасқан ғимараттар).

8 Электр қондырғыларға қойылатын санитарлы – техникалық талаптар.
Электр қондырғылар өзінің құжатында кәрсетілген қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын, зиянды дыбыс, вибрация және электр өрісі сияқты тыйым салынған талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Электр қондырғыларда химиялық заттардың, майлардың, қалдықтардың, техникалық сулардың жиналу және одан арылудың жолдары қаралуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес көрсетілген қалдықтардың су қоймаларына, осындай қалдықтарды төгуге рұқсат етілмеген жерлерге таралуына тыйым салынуы тиіс. Тарату қондырғыларда және электрқондырғыларда ток таратқыш шиналардың белгіленуі. Айнымалы үш фазалы токта А шинасының фазасын – сары, В – жасыл, С – қызыл, нольдік жұмыстық N – көгілдір немесе қара түспен белгілейді. Егер N шинасын нольдік қорғаныс ретінде қолданса, оны жасыл немесе сары түсті жолақпен белгілейді. Айнымалы бір фазалы токта А фазасын, яғни қорек көзі орамының басына қосылатын сары түспен, ал орамның соңына қосылатын В фазасын қызыл түспен белгілейді. Егер электрмен қамтамасыз етілген жүйеде бір фазалы жүйенің шиналары, үш фазалы жүйеден ажыратылған болса, онда оны сәйкесінше үш фазалы токтың шиналары ретінде белгілейді. Тұрақты токта оң таңбалы щинаны «+» қызыл түспен, теріс таңбалы шинаны «-» көк, нөлдік жұмыстық N – көгілдір түспен белгілейді. Тарату құрылғыларында шиналарды монтаждау кезінде, комплектілі тарату құрылғысынан басқа келесі шарттарды орындау керек: 1.Жабық тарату құрылғыларында үш фазалы айнымалы ток кеінде А, В, С шиналарын, А фазасының шинасын жоғарыда немесе сол жақта жататындай етіп орналастыру керек. Шиналарды горизонтальды, иілген және үшбұрышты орналастыру кезінде, А фазасының шинасын қызмет көрсету аймағынан тыс орналастыру керек. 2.Үш фазалы айнымалы ток кезінде ашық тарату құрылғыларында жинақталған және айнымалы шиналар сонымен қатар сақиналы схема мен біріктірме шунтталғанда секциялық шинаның барлық түрі бастапқы трансформатордың кернеуі жоғары жағының, А – фазасында болуы керек.

9 Таблица 1. Қыздыру шамдары. Электрлік желіге арнайы құрылғысыз қосылатын, жарықтандыру мақсатында қыздыру шамдары кең қолданыс тапқан.Жалпы қолданылатын қыздыру шамдарының негізгі сипаттамалары. ( МЕСТ бойынша) Қуат Вт Толтыру және қыздыру денесі Есептік кернеу (В) кезіндегі номинальді жарық ағыны (лм) Шамның толық ұзындығы, мм. Шам колбасының диаметрі, мм 130 220 225 235 240 15 25 40 60 75 100 150 200 300 500 750 1000 В В В БК Б БК Б БК Б БК Г Б Г Г Г Г Г 135 260 485 520 810 875 - 1540 1630 2280 2100 3200 4900 8700 19100 105 415 460 715 790 905 1020 1350 1450 2090 2920 4910 8300 9100 18600 230 950 4610 13100 125 410 450 705 775 935 1335 1430 2065 2890 4560 2225 18450 700 1330 2060 110 98 137 166 184 309 61 51 56 71 81 91 111 151

10 Жергілікті жарықтандыру үшін төменгі кернеулі тораптарға арнайы қыздыру шамдары қолданылады. ( Таблица 2 ) Кернеуі 12 – 24 – 36 В арналған жергілікті жарықтандыру қыздыру шамдарының параметрлері. Таблица 2 Шам түрі Қуаты, Вт Жарық ағыны, лм Колба диаметрі, мм Жалпы ұзындығы, мм МО МО МО МО МО МО МО МО МО МО МО 15 25 40 60 100 200 380 620 1000 350 580 950 1740 345 1590 61 - 66 108 129

11 Жергілікті жарықтандыру
Таблица 3 Айналы қыздыру шамдары (шам – светильниктер). Шам түрі Осьтік жарық күші, кд Қызмет уақыты, сағ Колба α, мм Толық ұзындық, мм Жалпы жарықтандыру ЗК ЗК ЗК ЗК ЗК ЗК ЗК 540 950 1850 1540 2100 3200 5550 16500 1000 1500 91 130 127 180 201 140 186 267 Жергілікті жарықтандыру МО312 – 40 МО312 – 60 МО324 – 40 МО324 – 60 МО324 – 100 МО336 – 40 МО336 – 60 МО336 – 100 МО340 – 40 МО340 – 60 МО 120 195 190 330 105 360 71 81 109 - 128

12 Ескерту! Есептік кернеу 42В арналған МОЗ-40 шамының параметрлері.
2.Светильниктерге сәйкес қуатты қыздыру шамдарының цокольдері қолданылады. Колбасы айналық шағылдырғыш қабатпен қапталған қыздыру шамдары кең қолданыс тапқан. (3-кесте). Шағылдырғыш қабатпен қапталғын қыздыру шамдары пайдалану кезінде айтарлықтай тазартуды қажет етпейді және осы процес кезінде оның жарық ағыны, қисық жарық күші тұрақты (кривая сила света – КСС) болады. Осының бәрі жарықтандыру құрылғыларына жоғары үнемділікті қамтамасыз етуі мүмкін. Қыздыру шамдары қоректендіру торабының өзгерісіне өте сезгіш келеді. Торап кернеуінің 1% -ке өзгеруі кезіндегі қыздыру шамдарының негізгі параметрлерінің өзгеруі шамамен келесідей: I=±0,5% P=±1,5% Ф=±3,5% Т=±13%-қызмет уақыты. Жарық берілісі ±1,8%. Қыздыру шамдарын қолданған кезде сәйкесінше келесідей талаптарды орындау керек: -Торап кернеуі мен шамда көрсетілген кернеудің сәйкестігі; -Кеңістікте қыздыру шамдарының көрсетілген жұмыстық күйін сақтау; -Қыздыру шамына нәзік әрі электр және от қауіпті бұйым ретінде қарау; -Светильниктің паспорттарында көрсетілген максимальды мүмкін болатын қуатта қыздыру жолдарын қолданбау;

13 Қызмет көрсету ұзақтығы 2500 сағат болатын қыздыру шамының техникалық сипаттамасы.
Таблица 4 Төменгі қысымды люменесцентті шамдар. Төменгі қысымды люменесцентті шамдар – бұл жарық көздерінің тиімді және кең таралған түрі болып табылады. Әр түрлі түстегі табиғи түсті түрлендіруге арналған қуаты Вт болатын шамдар жалпы қолданылатын шамдар деп аталады. Берілген типтегі шамдар арасынан осы шамдарға ғана максимальды жарық берілісі тән.(100 мм/Вт дейін) Қалған люменесцентті шамдар арнайы класқа жатады.Оларды классификациялау негізіне әр түрлі белгілер жатады.Қуатына байланысты- төменгі қуатты люменесцентті шамдар (15 Вт-қа дейін) және қуаты(80 В. Жоғары) ,разряд типіне байланысты доғалық, соған разрядты сәуле шығаруға байланысты – табиғи жарықты түрлендіру, сапалы түстік беріліс, түсті және ультра күлгін ЛШ, колба түріне байланысты – тік, әртүрлі пішінді (V немесе W тәрізді, сақиналы ,иілген). Арнайы топқа бағытталған жарық тарату люменесцентті шамдарын жатқызуға болады (рефлекторлы, сынапсыз, т.б). Сынап буындағы доғалық разрядты төменгі қысымды түтікті люменесцентті шамдар сәуле шығару түсіне байланысты ақ түсті жарық шамы (түстік температурасы 3500 К), жылы- ақ түсті (2700 К) , суық – ақ түсті(4850 К), күндізгі және (6500 К) табиғи- ақ (3900 К) түсті жарық шамдары болып бөлінеді. Шам түрі. Қуат, Вт Кернеуі, В Жарық ағыны,лм Цоколь түрі В 220/235-15 В 220/235-25 Б 220/240-40 Б 220/240-60 Б 220/ БК 220/ Б 220/ Б 220/ Г 220/ Г 220/ Г 220/ 15 25 40 60 100 150 200 300 500 1000 - 220/230 220/240 85 190 360 600 1200 1450 1780 2480 4010 7220 10800 Р 27-1 Р –40 н/е 271 Р – 40 -1 Р

14 Таблица 5 Энергоүнемді және базалы люменесцентті шамдардың негізгі параметрлері және номенклатурасы. Шам түрі Сипаттаманың номинальды белгілері Энергоүнемді ЛШ Люменесцентті шамдар Энерго үнемді ЛШ Қуат, Вт Жарық ағыны,лм Жарық берілісі,лм/Вт ЛБ 18-1 ЛДЦ 18 ЛЕЦ 18 ЛБ З6 ЛДЦ 36 ЛЕЦ 36 ЛБ 58 ЛЕЦ 58 ЛБЦТ 36 ЛБЦТ 36-1 ЛБ 20-1 ЛДЦ 20 ЛЕЦ 20 ЛБ 40-1 ЛДЦ 40-1 ЛЕЦ 40-1 ЛБ 65-1 ЛЕЦ 65 ЛБЦТ 40 18 36 58 1250 850 3050 2200 2150 4700 3300 3450 3200 69,4 47,2 84,7 61,1 59,1 80,1 57,4 95,8 88,8 20 40 65 1200 2190 4800 3400 3000 60 42,5 80 55 54,8 73,8 52,3 75

15 Люменесцентті шамның ерекшеліктері:
торапқа тек бейімді реттелу аппараты арқылы қосылу; белгілі бір температура аралығында жұмыс жасауы (5 - 40°C); торап кернеуінің өзгеруіне үлкен сезгіштік қасиет көрсетеді.(мысалы, оның 20%- ке төмендеуі, шамның істен шығуына әкеп соқтырады); жоғары ылғалдылықта жұмыстық кернеудің жоғарылауы: Люменесцентт шамдар қоғамдық, тұрмыстық ғимараттарды және өндірістік мекемелерді жарықтандыру үшін қолданылады. Олар жоғары жарық берілісі және қызмет көрсету уақытының ұзақтығына байланысты қыздыру шамдарынан үнемді болып келеді. Соңғы кезде энергоүнемді төменгі қуатты шамдар пайда бола бастады. Мысалы, 20 Вт орнына 18, 40Вт орнына 36,65 Вт орнына 58, сондай- ақ шам колбасының диаметрі кішірейтілген (40 мм орнына 26) және жоғары жарық берілісті шамдар. Жоғары қысымды люменесцентті шамдар. Төменгі қысымды люменесцентті түтікті шамдармен қатар жоғары қысымды «Доғалық сынапты люменесцентті – ДСЛ»(ДРЛ- дуговая люминесцентная) типті сынапты – кварцты шамдар кең қолданыс тапқан:Шамды белгілеуде әріптен кейінгі цифр сәйкесінше шамның қуатын , Вт, жақша ішінде – қызыл қатынас және соңғы цифр - өндіру номерін білдіреді. Қызыл қатынас – шам спектірінің қызыл бөлігіндегі жарық ағыны( лм аралығында) . ДРЛ шамы эллипсоидты пішінді шыны баллон ішіне орнатылған кварцты разрядты түтіктен тұрады. Баллонның ішкі беті люминофор қабатымен қапталған. Көрінетін сынапты разрядты сәуле шығаруға көкшіл – жасыл түс тән.Спектрдің қызыл бөлігіндегі сәуле шығарудың жеткіліксіз бөлігі ультра күлгін сәуле шығаруды көрінетін сәулеге айналдыратын люмирофор, горелканың көмегімен орындалады. Жоғары қысымды сынап буларын қолдану кварцты әйнектің жанарғы және люминофор үшін °C температура аралығында жарықтылығын, меншікті кедергісін жоғарылатуға және жарық көздерінің габаритті көлемін кішірейтуге мүмкіндік береді.

16 ДРЛ шамының негізгі параметрлері.
Таблица 6 ДРЛ шамының негізгі параметрлері. Шам түрі Қ уаты, Вт Шамда ғы кернеу,В Жарық ағыны, клм Колба диаметрі, мм Толық ұзындығы,мм Цоколь түрі Орташа қызмет көрсету уақыты,мың сағ ДРЛ50(15) 50 95 1,9 56 130 Е27/27 10 ДРЛ80(6) ДРЛ80(10) ДРЛ80(15) 80 115 3,3 3,6 73 160 Е27/30 12 ДРЛ125(6) ДРЛ125(10) ДРЛ125(15) 125 5,9 6,4 6,3 78 184 176 ДРЛ250(6)-4 ДРЛ250(10)-4 ДРЛ250(15)-4 250 13 13,5 91 227 Е40/45 ДРЛ400(6)-4 ДРЛ400(10)-4 ДРЛ400(12)-4 400 135 23,5 24 122 292 15 ДРЛ700(6)-3 ДРЛ700(10)-3 ДРЛ700(12)-3 700 140 40,6 41 152 368 20 ДРЛ1000(6)-3 ДРЛ1000(10)-3 ДРЛ1000(12)-3 1000 145 58 59 178 18 ДРЛ 2000 2000 270 120 187 445 Е40/55+47 6

17 Ескерту: ДРЛ 2000 – ТУ16-88 шамынан басқалары үшін жақша ішінде қызыл қатынас параметрлері берілген.
Көпшілік ДРЛ шамдарында іске қосылу уақытын тездету үшін негізгі екі электродтан басқа тағы да екі қосымша электрод қолданылады. Қазіргі кезде колба ішіне әр түрлі металл галогендерінің қоспалары толтырылған металлгалогенді шамдары жарық көздері ретінде жақсы таралған. Металл галогендері металлдың өзіне қарағанда оңай буланады. Ыстық плазмада галогенидтер ыдырайтындықтан, металлгалогенді шамдардың разрядты колбасының ішінде сынап және аргоннан басқа металл булары және олардың қоспалары бар. Жалпы жарықтандыру үшін ДРН типті (доғалық сынапты иодты қоспалы) металлгалогенді шамдары қолданылады. Олар келесідей құрамды металлгалогенді қоспалардан тұрады: 1-топ-натрий,таллий және индий қоспалары; 2-топ-скандий (кейде торий), натрий иодидтары; ДРН шамының бөлігі спектрдің көрінетін аймағындағы сирек кездесетін жер металл иодидтарынан дайындалады. ДРН типті шамдары (7 – кесте) құрылысы бойынша екі электродты жанарғылы ДРЛ шамдарына ұқсас болып келеді. Олардың сыртқы колбасы мөлдір немесе жарықты шашыратушы эллипсоидты немесе цилиндрлі формалы болады. Осы колбалар ішіне металл буларының және олардың иодидтарының разрядтары пайда болатын кварцты цилиндрлі жанарғы орнатылған. Металлгалогенді шамдарды маркілегенде бірінші 3 әріп типін, цифрлар қуатын, ал дефистен кейін шығарылу номері немесе модификациясы көрсетіледі.

18 ДРН типті металлгалогенді шамдардың негізгі параметрлері
7 –кесте ДРН типті металлгалогенді шамдардың негізгі параметрлері Шам түрі Кернеуі,В Ток,А Жарық ағыны,клм Орташа қызмет көрсету ұзақтығы, мың сағат Диаметр, мм Толық ұзындығы, Цоколь түрі Натрий және скандий қоспаларымен түстік температурасы Т=4200К ДРН-125 ДРН-175 ДРН250-5 ДРН250-6 ДРН400-5 ДРН400-6 ДРН700-5 ДРН700-6 ДРН1000-5 ДРН1000-6 ДРН2000-6 ДРН3500-6 ДМЗ-3000 110 130 230 105 1,3 1,8 2,15 3,3 6 4,7 9,2 16 15/21 8,3 12 19 35 32 60 56 90 200 350 240 3 4 10 9 2 1,5 46 91 122 62 152 80 176 100 190 170 211 227 290 370 390 430 470 Е27/27 Е40/45 Е40/65 Арнайы Натрий, таллий, индий қоспаларымен. Т=5500±500К ДРН-250 ДРН-400 ДРН-700 125 120 3,4 6,5 18,7 34 59,5 5 300 Е40/55▪47

19 Орташа қызмет көрсету ұзақтығы,
Таблица 8 ДНаТ және ДКсТ шамдарының параметрлері. Шам түрі Кернеу,В Ток,А Жарық ағыны,клм Орташа қызмет көрсету ұзақтығы, мың сағат Диаметрі, мм Толық ұзындығы, Мм Цоколь түрі ДНаТ-50 ДНаТ-70 ДНаТ-100 ДНаТ-150 ДНаТ-250 ДНаТ-400 ДКсТ-2000 ДКсТ-5000 ДКсТ-10000 ДКсТ-20000 ДКсТ-50000 85 90 100 40 110 220 380 0,76 1 1,2 1,8 3,1 4,6 49 44 46 56 132 4 6 10 15 26 50 35,7 97,6 250 694 2230 20 0,3 0,8 0,5 42 48 25 35 170 190 278 366 646 1260 1990 2160 Е27 Е27,Е40 Е40 Арнайы -

20 Жарық таратуына байланысты светильниктер түрін таңдау.
Жарық таратуына байланысты светильниктер түрін таңдау. СВ классы және ҚЖК түрі (қисық жарық күші) Қолдану аймағы. Тікелей жарықты (П): Концентрирленген (К) жәнеорташа жарық таратқышта терең шағылдырғыштар. Косинусты жарық тартқыш (Д). Кең және косинусты жарық таратқыш (Л, Ш). Тікелей жарық артықшылығы (Н). Шағылған жарық артықшылығы (В). Шағылдырған жарық (О) Үлкен горизонтальді жарықтылық талап етілетін, жүмыс орындарының жарықтылығын өршіту және төбесі, қабырғасы қою түсті биік өндірістік ғимараттар. Шаң бөлінетін және төбесі қою түсті биіктігі кем болмайтын өндіріс ғимараттары. Ашық алаңдар, үлкен емес қондырғысы аса биік емес цехтар, екі жақты вертикальді жарықтандыру талап етілетін жарықтандыру. Төбе, қабырға түстері ақшыл, мектеп, кеңсе және өндірістік, қосымша ғимараттар. Көлеңкелердің болмауы негізгі шарты болып табылатын төбесі және қабырғасы ақ түсті ғимарат. (клубтар, фай, сызба залдары). Қоғамдық және коммунальді міндетке арналған ғимарат.

21 Жалпы жарықтандыру жүйесін қолдану кезінде:
СВ-ді бір қалыпты орналастыру. СВ-ді таратып орналастыру. Бір қалыпты орналастыру кезінде ғимараттардың барлық аудандарын толықтай бір қалыпты жарықтандыру қамтамасыз етіледі.Бұл жағдайдағы бір қатардағы светильниктердің ара қашықтығы өзгертілмейді, қатарлар арасындағы ара қашықтық та тұрақты болады. Таратып орналастыру кезінде әрбір СВ- ң күйі қондырғыны орналастыруға тәуелді болады.Ол станоктарды шашыратып орналастыруда қолданылады; арнайы жағдайда технологиялық талаптарға сай және сол жағдайда, егер жұмыс шартына сәйкес жергілікті жарықтандыруды құру мүмкін емес болғанда. Бір қалыпты орналастырудың тиімді түрі болып светильниктерді шахматты және квадрат жақтарына орналастыру табылады. (Бір қатардағы светильниктер арақашықтығы мен светильниктер қатарларының арақашықтығы тең болады). Светильниктерді квадрат жақтарына орналастыру арақашықтың салыстырмалы оптимальді мәндерін есепке алу арқылы жүргізіледі:

22 Әртүрлі қисық жарық күші кезіндегі светильниктер үшін рұқсат етілетін және ұсынылатын шамалар l/Н
. Светильниктердің ҚЖК-ң түрі (5 сурет) l/Н Ұсынылатын шамалар Рұқсат етілетіншамалардың жоғарысы. К Г Д М Л 0,4-0,7 8-1,2 1,2-1,6 1,8-2,6 1,4-2 0,9 1,4 2,1 3,4 2,3

23 Қабырғаның және төбенің шағылдыру коэффициентінің жуық мәндері.
Қабырғаның және төбенің шағылдыру коэффициентінің жуық мәндері. Шағылдыру бетінің сипаттамасы. Ақталған төбе, ақ штор жабылған, терезелері бар ақталған қабырғалар. Таза бетонды және ашық ағаш төбелер дымқыл ғимараттардағы ақталған төбе, терезесіне штор жабылмаған кездегі анықталған қабырғалар. Лас ғимараттардағы бетон төбелер, ағаш төбелер. Шаңды ғимараттардағы шторсыз түгелдей әйнектеу, қызыл тас, бетонды және ағаш төбелер және қабырғалар. 0,70 0,50 0,30 0,10


Κατέβασμα ppt "“Жарық шамдары және өлшем бірліктері” тақырыбы бойынша өндірістік оқыту сабақ дайындамасы дайындаған: өндірістік оқуыту шебері Қодасов Б.Ш."

Παρόμοιες παρουσιάσεις


Διαφημίσεις Google