Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε

Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε

Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындау (теорияны қайталау - 1)

Παρόμοιες παρουσιάσεις


Παρουσίαση με θέμα: "Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындау (теорияны қайталау - 1)"— Μεταγράφημα παρουσίασης:

1 Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындау (теорияны қайталау - 1)
ОҚО, Қазығұрт ауданы, П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі Физика пәнінің мұғалімі Орынбаева Қызжібек Жолдасбекқызы

2 1.Құбылыстар 1.Космостық байланыс үшін қолданылатын радиотолқын- ультрақысқа толқын 2.Радиоқабылдағыштың тербелмелі контурындағы сигналдың қабылдануына негізделген физикалық құбылыс – Резонанс 3. Телескоппен бақылағанда, бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздарды ажыратуды қиындадатын құбылыс - дифракция 4. Арнайы салыстырмалылық теориясының бір постулатына сәйкес инерциялық санақ жүйесінде бірдей өтетін кез келген физикалық құбылыстар. 5. Катушкаға тұрақты магнит таяқшасын енгізгенде электр тогы пайда болатын құбылыс – Электромагниттік индукция. 6. Жерден көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясының ең жоғарғы нүктедегі үдеудің бағыты. Ауамен үйкелісті ескереміз – Төмен қарай бағытталған.

3 7. Гейгердің газ разряды санағышының әсері негізделген құбылыс – газ молекулаларының соққы арқылы иондалуы 8. Тегіс стол бетінде жатқан, қатаңдыңы аз, иілгіш сымнан жасалған катушкадан ток жібергенде бақылайтын құбылыс- катушка сығылады. 9. Электромагниттік сәуле әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығу құбылысы – фотоэффект. 10. Радиоқабылдағыштың тербелмелі контурындағы сигналдың қабылдануы негізделген физикалық құбылыс – Резонансқа. 11. Вакуумдық фотоэлементке жарық түсіргенде, онысымен жалғасқан сыртқы тізбекте электр тогы пайда болады. Токтың пайда болуына себепкер физикалық құбылыс – Фотоэффект 12. Протон мен электронның массалары тең емес. Резерфорд атомының классикалық моделі мына жағдайлардың қайсысын түсіндіре алмайды? – Атомның тұрақтылығы.

4 13. Тербелмелі контурдағы ток күші шектеусіз өседі
13.Тербелмелі контурдағы ток күші шектеусіз өседі. Контур кедергісі қалай өзгереді? – Кемиді 14.Гейгер-Мюллер тіркегішінің жұмысында қандай құбылыс қолданылады? – Газдағы атомдар ионизациясы 15.Вакуумдағы фотоэлементке жарық түсіргенде, онымен жалғасқан сыртқы тізбекте электр тогы пайда болады. Бұған себепкер – Фотоэффект құбылысы 16. Жарық әсерінен химиялық реакцияның жүру немесе тездетілу құбылысы – фотосинтез 17. Жарықтың табиғаты толқынды болатын құбылыстар – жеке пленкалардың кемпірқосақ түске боялуы көлеңке ортасында жарық дағының пайда болуы 18.Жарық интерференциясын түсіндіретін құбылыстар – жұқа сабын және май пленкаларының боялуы: Ньютон сақиналары.

5 2. Сәулелер 1. α,β , γ –сәуле шығарушылардың өтімділігі нашар- α альфа
2. Сәулелер 1. α,β , γ –сәуле шығарушылардың өтімділігі нашар- α альфа 2. Альфа сәулесі дегеніміз – гелий атомы ядроларының ағыны. 3. α, β, γ – сәле шығарушыларының магнит және электр өрісінде көбірек ауытқитыны- β - сәулесі 4. Радиоактивті элементтен 10 см қашықтықта Гейгер санағышы тіркей алатын сәуле шығарудың түрі - β - және γ – сәулелері 5. α, β, γ – сәуле шығарушылыардың магнит және электр өрісінде ауытқымайтыны γ – сәулесі 6. Гамма сәулесі дегеніміз – Атом ядросынан шығатын электромагниттік сәуле

6 7.Радиоактивті апат зонасында противогаз және резеңкеленген киімнің сыртқы факторлардан сақтайды- L және β –сәуле шығарудан сақтайды 8.Маңайында радиоактивті препарат жоқ кезде де Гейгер санағышының иондаушы бөлшектерді тіркеу себебі – санағышқа космостық сәулелер әсер етеді. 9. Қызыл түсті сәуленің түсу бұрышы сыну бұрышынан үлкен. Екінші ортадағы жарық жылдамдығы – І-ші ортаға қарағанда n есе аз. 10.Жоғары жиілікті электромагниттік толқындар – гамма сәулелер 11.Жақтары параллель шыны пластинаға аудан 30 градус бұрыш жасай түскен, жарық сәулелерінің ығысуы- пластина материалына және жарық сәлесінің түсуіне байланысты.

7 12.Химиялық белсенділігі жоғары – ультракүлгін сәулелер
13. Шағылғын сәулелер тоған түбінен көруге бөгет жасайды. Осы шағылған сәулелерде тоған түбін көру үшін қалай жоюға болады? - Полероидты қолдану арқылы 15.Заттардың фотохимиялық реакция жүретін жағдайлар – кваннтық сәуле шығару энергиясы молекулаларының активтену реакциясынан артық болғанда. 16. Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборлардың қайсысында шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектер буда сұйық тамшыларынан тұратын із қалдырады- Вильсон камерасы.

8 17. Инфрақызыл сәулелендіру денелердің қандай температураларында байқалады? – Абсолют нөл температурасынан жоғары әрбір температурада 18. Фотон қозған атомға соқтығысқан кезде, осы атом индукциялық сәуле шығарады. Екеуінде ортақ шамалар – Жиіліктері, қозғалу бағыттары, фазалары және поляризация бағыттары. 19.Заттарда фотохимиялық реакция қандай жағдайларда жүреді?- Кванттық сәуле шығару энергиясы молекулалардың активтену энергиясынан артық болады. 20. Сәуленің толық шағылуы қандай шарттарда болады?- Түсу бұрышы шекті бұрыштан үлкен болғанда. 21. Лазерлік сәуле шығаруға тән қасиеттер- жоғары монохроматтық, көгеренттік, сәуле шығарудың бағыттылығы, сәуле шығару қуатының жоғарылығы.

9 23.Келтірілген электромагниттік сәуле шығару түрлерінің толқын ұзындығы ең қысқа – Рентген сәулелері 24. L, β, γ – сәуле шығару түрлерінің қайсысы магнит және электр өрісінде ауытқымайды? - γ сәулелері 25. Сирек қымбат тастардағы сәуленің ойнауын қалай түсіндіруге болады? – Сыну көрсеткіші үлкен. 26. Берілген электромагниттік сәулелерді тербеліс жиеліктерінің өсу ретімен орналастырыңыз – 1-радиотолқын, 2 инфрақызыл сәуле, 3 көрінетін жарық, 4 ультракүлгін сәуле, 5 рентген сәулесі

10 3. Ғалымдар 1.Радиоактивтік құбылысты ашқан – Француз зерттеушісі Беккерель 2. Электромагниттәк индукция құбылысын ашқан – Фарадей 3. Броун (броундық қозғалыс) байқаған қозғалыс – ерітіндіде жүзген бөлшектердің қозғалысы. 4. Серпімділік күшін анықтайтын заң – Гук заңы 5. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядтарға әсерін тапқан –Лоренц 6. Атом ядросының бар екенін эксперимент арқылы дәлелдеген- Э.Резерфорд

11 7.Атомның ядролық моделін ұсынған ғалым- Э.Резерфорд
8. Тоғы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі бар болатынын тәжірибе арқылы көрсеткен ғалым – Эрстед 9. Алғаш рет лабораториялық тәсілмен жарық жылдамдығын өлшеген ғалым – И.Физо 10. Атомның құрылысы туралы Резерфордтың анықтағандары – Ядроның өлшемі атом өлшемінен өте кіші

12 4.Анықтамалар 1.Ток күші дегеніміз – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы t уақыт аралығында өтететін q зарядтың сол уақытқа қатынасы 2. Күш сызықтары тұйық өрістердің аталуы – құйынды өріс 3. Кюри температурасы – заттың феррамагниттік қасиеті жойылатын температура 4.Дененің импульсі не кқозғалыс мөлшері дегеніміз – дене массасының жылдамдығына көбейтіндісі. 5. Пластикалық деформациялар дегеніміз – сыртқы күштер әсері тоқтағанда жойылмайтын деформациялар

13 6.Дененің потенциялдық энергиясы дегеніміз? Дененің әсерлесу энергиясы
7.Тербеліс амплитудасы дегеніміз – тербелуші нүктенің тепе-теңдік қалпынан ең үлкен ауытқуы 8. Ферромагниттер дегеніміз – Магнит өтімділігі өте үлкен (м > 1) денелер 9. Жол – қозғалыс траекториясы бойымен дененің жүріп өткен ара қашықтығы 10. Еркін тербеліс дегеніміз – сыртқы периодты күштердің әсерінсіз болатын тербеліс. 11.Зат мөлшері – заттың массасының оның молярлық массасына қатынасы 12. Меншікті балқу-жылжу дегеніміз – балқу температурасы 1 кг кристалл затты сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері

14 13. Кризистік массаны анықтаушылар – 1 Ядролық атомның түрі
13. Кризистік массаны анықтаушылар – 1 Ядролық атомның түрі. 2 Баяулатқыш. 3 Ядролық қондырғының конструкциялық ерекшелігі 14. Поликррсталл дене дегеніміз – саны көп майда кристалдан тұратын қатты дене. 15. Дененің (материалдық нүктенің) орын ауыстыруы – бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған түзу кесінді. 16. Вета сәулесі дегеніміз- электрондар ағыны 17. Дыбыс зорайтқыштың жұмысы неге негізделген?- Тұрақты магниттік магнит өрісінің жылжымалы катушкадағы айнымалы тоққа әсеріне

15 18. Меншікті булану жылуы дегеніміз
18.Меншікті булану жылуы дегеніміз?- тұрақты температурадағы 1 кг сұйықты толықтай буландыруға кететін жылу мөлшері. 19. Қыздыру шамы – Жылулық сәуле шығару болып табылады. 20. Термодинамиканың 1- заңы дегенміз – Жылу құбылыстарына таралған энергияның сақталу және айналу заңы 21. Парциал қысым – егер басқа газдардың әсері жоқ десе, онда- атмосферадағы су буының түсіретін қысымы 22. Ампер гипотезасы – дененің магниттік қасиеті оның ішімен шыр айнала қозғала алатын ток арқылы түсіндіріледі 23.Механикалық резонанс дегеніміз- тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі мен мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде, еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артуы

16 24. Механикалық резонанс дегеніміз – тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі мен мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде, еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артуы. 25. Элементар электр тогы – Электрондардың атомдағы қозғалысы 26. Фотоэффектінің қызыл шекарасын қандай параметр анықтайды? – жарық жиілігі, катод затының қасиеттері 27. Жарық сәулесі дегеніміз – Жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. 28. Тізбекті реакция дегеніміз – реакцияны тудыратын бөлшектердің оның нәтижесі түрінде пайда болатын реакция. 29. Суы бар ыдыста мұз кесегі бар. Мұз еріп болғанда су деңгейі қалай өзгереді - Өзгермейді

17 31. Электромагниттік сәуле шығару ағынының тығыздығы
30. Меншіктің балқу жылуы дегеніміз – балқу температурасында 1 кг кристалдық затты сұйыққа айналдыру үшін кеткен жылу мөлшері 31. Электромагниттік сәуле шығару ағынының тығыздығы тығыздығы 1 дегеніміз – ∆t уақыт ішінде S беті арқылы өтетін ∆w электромагниттік энергиясының Sх ∆t көбейтіндісіне қатынасы U (уран) ядросының екіге бөлінуі – ыдырау деп аталады. 92 33. Фотоэффект құбылысы дегеніміз – жарық әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы 34. Электростатикалық өрістің күштік сипаттамасы бола алатын физикалық шама – Кернеулік Е 35. Тізбектегі реакция – реакцияны тудыратын бөлшектердің дегеніміз оның нәтижесі түрінде пайда болатын реакция.

18 36. Бір нүктеден бір уақытта көкжиекке әртьүрлі бұрыш жасай лақтырылған екі дененің екіншісінің бірінші денеге қатысты қалай қозғалатынын тап?- бір қалыпты және түзі сызықты 37. Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы дегеніміз – Ядролар мен бөлшектердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырмасы. 38. Трансформатор дегеніміз – айнымалы токты түрлендіру үшін қолданылатын құрал. 39.Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз – катодты жоғары температураға дейін қыздырғанда электрондардың ұшып шығуы. 40. Фотоэлемент дегеніміз – фотоэффект әсерінен жарық энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрал

19 41. Толқын ұзындығы – Бірдей фаза мен тербеліп тұрған екі көршілес нүктелердің ара қашықтығына тең
42. Табиғи радиоактивтілік дегеніміз – Ядроның өздігінен түрленуі 43. Термоядролық реакция – сутегі ядроларының жылу бөлу арқылы бірігу реакциясы 44. Фотоэлементтің кідіртуші потенциялы дегеніміз – Фототокты жоғалтатын, кідіртуші электр өрісінің потенциялдар айырмасы 45. Нормальдық үдеу дегеніміз – жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеруін анықтайтын толық үдеудің құраушысы. 46. “Ньютон сақинасындағы” жұқа пленка дегеніміз – линза мен пластина арасындағы ауа қабаты

20 5.Приборлар 1.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал – барометр 2. Қарапайым автотербелмелі жүйе – Маятникті сағат 3. Дыбыс толқындарын қоздырушы прибор – дыбыс зорайтқыш 4. Зарядатлған бөлшектерді олардың меншікті зарядына қарай ажырататын прибор – масс –спектограф 5. Қыздыру шамы – жылулық сәуле шығару


Κατέβασμα ppt "Физика пәнінен ҰБТ-ға дайындау (теорияны қайталау - 1)"

Παρόμοιες παρουσιάσεις


Διαφημίσεις Google