Κατέβασμα παρουσίασης
Η παρουσίαση φορτώνεται. Παρακαλείστε να περιμένετε
Δημοσίευσεлр лото Τροποποιήθηκε πριν 4 χρόνια
1
Орындаған: Асанханов Ж. Тобы: 202 В ФКА-02-17 Қабылдаған:________________ Фармация ісін ұйымдастыру және бақылау кафедрасы Шымкент-2019 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Такырыбы: Д ә рілік заттарды та ғ айындау ж ә не қ абылдауда ғ ы психологиялы қ аспекттер
2
ЖОСПАР 1. К ІРІСПЕ 2. Н ЕГІЗГІ БӨЛІМ А ) Д ӘРІЛІК ЗАТТАР. Б ) ДЗ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ. 3. Қ ОРЫТЫНДЫ 4. П АЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
К ІРІСПЕ Фармакалогияда дәрілік заттардың фарамкокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады. Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетінен жанастырудан басталады.
4
Д ӘРІЛІК ЗАТТАР. Дәрілік заттар – физикалық және химиялық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды айтамыз.
5
Д ӘРІЛІК ЗАТ, ДӘРІЛІК ТҮРЛЕР, ПРЕПАРАТТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 1. Фармакология – гректің farmacon – дәрі, logos-ғылым деген сөздерінен шыққан, яғни дәрілік заттар туралы ғылым. 2. Жалпы рецептура дегеніміз дәрілердің жазылуы мен дайындалуы және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрітану ғылымының бір бөлімі. 3. Дәрілік заттар организмге емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар. 4. Дәрі фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әр түрлі ауруларды емдеу алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. 5. Дәрілік түр қажетті емдік немесе профилактикалық әсер алу үшін дәрілерден жасалатын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы түрлері. Дәрілік түрлер тығыздығына байланысты қатты, жұмсақ, сұйық болып бөлінеді.
6
Д ӘРІЛІК ТҮРЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ Қатты дәрілік түрлер: Ұнтақ, түймедәрі, домалақ дәрі, түйіршіктер, қаптама дәрі, карамель, қоспалар. Жұмсақ дәрілік түрлер: Май, жағармай, паста, сұйық жақпамай, крем, суппозиторий, бұласырлар және т.б. Сұйық дәрілік түрлер: Ерітінді, тұнба, қайнатпа, тұндырма, сығынды, микстура, эмульсия, қалқыма, шырыштар және т.б. Ерекше дәрілік түрлер Инемен енгізу үшін қолданылатын дәрілік түрлер: Ампулалық, бейампулалық, залалсыздандырылған ерітінділер, қоспалар. Ингалияцияға қолданылатын дәрілер: Ингаляция, аэрозоль, булар Дәрілік препарат нақтылы бір дәрілік түр күйінде дайындалған дәрі. Морфин: дәрілік зат \ апиын алкалоиды Омнопон : дәрі\ морфин, папаверин, кодеин, тебаин Морфин таблеткасы\ дәрілік препарат.
7
Р ЕЦЕПТ ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Рецепт \ дәрігердің фармацевтке дәрілерді белгілі бір түрде дайындап ауруға беру туралы жазбаша нұсқауы. Бұл өте маңызды медициналық және юристік құжат. Рецепт 2005 жылы 3 ақпанда бұйрыққа сай жазылады.Рецепт типографияда жазылған бланкіде жазылады. Оның мынадай түрлері бар: толық ақысына ересектер мен балаларға рецепт жазуға арналған бланк, ақысыз дәрі алуға арналған бланк \формат\\6
8
Р ЕЦЕПТ ҚҰ РЫЛЫМЫ Рецепт келесі б ө лімдерден т ұ рады: рецепті ң айдары, қ аратпа, д ә рілік заттарды ң аты, фармацевтке н ұ с қ аулар, сигнатура, қ ол қ ою, д ә рігерді ң жеке м ө рі. Рецепт айдарына (т ө л құ жат б ө лімі) мынадай м ә ліметтер беріледі: 1. Емдеу \прфилактикалы қ мекемені ң штампы. Онда оны ң мекен жайы мен телефон номері к ө рсетіледі. 2. “Бала”, “Ересек” (белгілеулеріні ң қ ажетсізін сызып тастау). 3. Рецепті ң жазыл ғ ан к ү ні, айы, жылы 4. Ауруды ң аты ж ө ні ж ә не жасы 5. Д ә рігерді ң аты ж ө ні
9
Дәрілердің әсері көп дәрежеде олардың дозасымен анықталады. Дозаға байланысты әсерінің даму жылдамдығы, оның айқындығы, ұзақығы, кейде сипаты өзгереді. Әдетте дозаның жоғарлауымен латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды.
10
Препараттардың әсері ағзаның жағдайына, соның ішінде оларды тағайындайтын паталогиялық байланысты болуы мүмкін. Мысалы, ыстықты түсіретін заттар дене температурасын тек қызба кезінде түсіреді.
11
Дәрілік заттар адам ағасы үшін маңыздылығы өте жоғары. Ал дәрілік заттардың құрылысы химиялық, физикалық қасиеттері әртүрлі. Әсер ету ұзақтығы өте ұзақ және маңыздылығы жоғары. Дәрілік заттардың адам ағасына, жынысына, жасына, тәуліктік ырғақтығына тікелей байланысты болады. Сонымен қатар адам ағасына дәрілік заттардың әсері әртүрлі болатыны анықталды.
12
Д ӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ Дәрілерді тағайыңдау үшін мынадай мөлшерлерді білудің маңызы зор: 1)ең төменгі мөлшер — дәрілік заттардың әсер беруші ең төменгі мөлшері, одан аз болса олар әсер етпейді, 2) ең жоғарғы мөлшері — тағайындауға рүқсат етілетін ең көп мөлшері, одан жоғары беруге болмайды, 3) үйлесімді (оптимальды) мөлшері — дәрілік заттардың әртүрлі жағдайларда қажетті, тиімді әсер беретін мөлшері. Бұлардан басқа бір рет қабылдау үшін, тәуліктік, бүкіл емдік мерзімге тағайындалатын мөлшерлер бар.
13
Кез келген дәрілік зат мелшеріне байланысты әр түрлі әсер етеді. Сондықтан дәрігердің белгілі бір дәріні тағайындағаннан кейінгі екінші міндеті — ол дәрінің ең тиімді мөлшерін анықтау болып табылады. Дәрі мөлшерінің шешуші роль атқаратындығын баса көрсету үшін, көптеген мамандар әсер етуші зат емес, оның мөлшері деген тұжырымдар жасаған.
14
Бір қатар жағдайларда организмдегі физиологиялық қүбылыстардың орташа деңгейін ғана қамтамасыз ететін дәрілік мөлшер іріктелініп алынады, кей жағдайларда бұл құбылыстар әртүрлі болады: не жоғарылатылады, не бәсеңдетіледі. Физиологиялық мөлшерге алдын алу мөлшер өте ұқсас болады. Нақтырақ айтқанда физиологиялық мөлшерде тағайындалған көпшілік дәрі — дөрмектер алдын алатын әсер береді. Алайда көптеген жағдайларда, организмнің қолайсыз әсер етуші факторларға төзімділігін қамтамасыз ету үшін біршама фармакологиялық әсер қажет болады.
16
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193- IV Кодексінің 182-б. 6-т. сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлері: 1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерін басшылыққа алуға; 2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге; 3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге; 4) халық арасында медициналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге; 5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге; 6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз дамытуға және арттыруға; 7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.
18
Дәрілік заттардың мөлшері аурудың қаңдай жағдайда болуына қарамастан ең жоғарғы тиімділік көрсетуі керек және мүмкіндігінше организмге жайсыз әсер бермеуі тиіс. Дәрі- дәрмектерді қайталап қолданатын уақыт аралығын білу өте маңызды. Егер препарат организмде тез өзгеріске ұшыраса (бұзылса) қайталама мөлшер өзгертілмей беріледі және қолдану ара қашықтығын қысқартып алады. Егер зат организмде ұзақ уақыт болатын болса, онда оны сирек қолданады және қайталама мөлшерін азырақ алады.
19
Қ ОРЫТЫНДЫ Қорыта келе, дәрілік заттар адам өмірі үшін маңызы өте зор, яғни көптеген фармацевтер, дәрігерлер қазіргі таңда адам денсаулығы үшін барын салуда. Тағайындалған дәрілердің зияны да жақсы жағы да болады. Дәрілік түр препараттың емдік әсерін күшейтуге үлкен рөль атқарады. Әсіресе балаларға дәріні таңдау және дайындауға маңызы зор. Балаларда дәрілік заттардың күші мен әсерінің сипатына ықпал ететін жағдайлардың ішінде дәріні енгізу жолдары маңызды орын алады. Себебі дәрілік заттың ағзаға сіңу жылдамдығы және әсерінің ұзақтығы оның қолдану жолдарына байланысты.Дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізу жолы препараттың тез сіңуімен, қолдану қарапайымдылығымен, ас қорыту сөлдері әсерінен бұзылатын дәрілік заттарды қолдану мөлшерін түсіндіреді.
20
П АЙДАЛАНЫЛ Ғ АН Ә ДЕБИЕТТЕР 1. Орманов Н.Ж. Фармакология 1 кітап, оқулық, Алматы 2012 2. Орманов Н.Ж. Фармакология 2 кітап, оқулық Алматы Эверо 2013 3. Орманов Н.Ж. Жалпы рецептура, Жалпы фармакология: оқу құралы: алматы 2012 4. Харкевич. Д. А. Фармакология Медиа 2008 5. Электронная энциклопедия лекарств (Электронный ресур) Кнорус 2009 CD ROM
Παρόμοιες παρουσιάσεις
© 2024 SlidePlayer.gr Inc.
All rights reserved.